Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  106


Автор: Сабыр Адай

Атасы мұның алтын дүр

Қайың құрық, қаз бас ер, қос таралғы, бір жүген,
Бапкерсіз, бапсыз тұр білем.
Ат əбзелі не керек,
Жабыға жайдақ мүлгіген.
Күміспен зерлеп күлдірген, сегіз өрім қамшым дүр,
Атасы мұның алтын дүр.
Бедерлеп іліп сəндікке,
Бітік көз неме шалқып жүр.
Бұған да қылдық шүкірлік, табанға таптап жатпаса,
Тапсырып жатқа сатпаса.
Құлыннан шығар бір дүлдүл,
Құдайдың өзі сақтаса.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу