Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  210


Автор: Сабыр Адай

Қорқыныштан шулап тұр

Солай шығар... Соны мен де біліп ем,
Айла қашып құтылған ба тіріден.
Жаз-жапырақ сарғайыпты күз келіп,
Дірілдейді бірі қорқып бірінен.
Тіл берсеңіз сөйлеп кетпек қалтылдап,
Күз болған соң, көзінде шық, салқын бақ.
Ажал келіп алдап жатыр барлығын,
Еппен ғана етектерін алтындап.
Қамыс біткен қылыштасып жататын,
Бір-бірінің қызыл қанын тататын.
Енді, міне, қорқыныштан шулап тұр,
Осындайлар орманымды сататын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу