Өлеңдер ✍️

  08.05.2022
  280


Автор: Сабыр Адай

Ұлытау

Ер қалқанын тағынған,
Ер шекпенін жамылған,
Ел көрмесе сағынған,
Ұлытау деген бұл дейді.
Ұмытпай бəрін тұр дейді.
Ақтарылған ағынан,
Құланның ішкен қағынан,
Ұлытау деген бұл дейді!
Ұмытпасын ұл дейді.


Көкжалдың ізі бар дейді,
Көктастары қан дейді,
Көп күттірген таң дейді,
Ұлытау деген бұл дейді.
Ұмытпай бəрін тұр дейді.
Заманым құрсау тар дейді.
Естілмек əлі зар дейді.
Ұлытау деген бұл дейді.
Ұмытпай бəрін тұр дейді.
Ұмытпасын ұл дейді!
Ұлт намысын ұмытар,
Күң менен тексіз құл дейді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу