Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  114


Автор: Ғалым Бисембіұлы ӘРІП

Ұлылар достығы

Мұхтар Құл-Мұхаммедке
---------------------------------
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
бүкілхалықтық референдумнан кейін қайта сайланған соң өткізілген той
дастарханында лебіз білдіруге сөз сұрап алған белгілі азамат, республикалық
«Атамұра» баспа-корпорациясының президенті Мұхтар Құл-Мұхаммед пәтуалы
әңгімемен жиналған зиялы қауымның назарын аударады. Мәселенің түп төркіні –
Ел ағаларының, соның ішінде Нұрсұлтан Назарбаев пен айтулы тұлға Әбіш
Кекілбаевтың терең достығының арқауында.
Келіп ед бағы байланып,
Жасанды көңіл жайланып.
Халқымның асты мерейі,
Қазақтың Ханы сайланып.
Ұлан-той осы ғажап күн
Телегей-теңіз сөз ақты...
Көтеріп көкке көк Тәңір,
Қолдады дейсің қазақты!
Бұл Қазақ кімнен сор болған,
Заманында зор болған.
Оралды жаңа дәуірге,
Неше бір өтіп жолдардан.
Ғасырлар өтті тайғақты,
Батырлар өтті айбатты.
Кешегі нәубет кезеңде
Кетті ғой қалқып қаймақты.
Кетті ғой небір тарландар,
Арыстандар мен арландар,
Азаттық үшін алсып,
Ажалға қарсы барғандар,
Үзілген есіл армандар.
Осылай халқым күйрген,
Іштен бір ыза түйнеген.
Жарқырап таңым қайта атып,
Тәуелсіздікке сүйреген.
Тұра бір елді Нарларым,
Тұлпар бір тектес Тарпаңым.
Он жеті миллион халыққа
Сайланып шыққан бар Ханым!
Ерекше туған Елбасым,
Жарқылдап тұрған Алмасым.
Елінің болып қорғаны,
Ертеңге бұрды көш басын.
Кеудесі жақұт –Нұр екен,
Келісті туған Ұл екен.
Елімен бірге жасаған,
Елімен бірге түлеген,
Көреген, Көсем, Ұлы екен!
Азуын айға білеген,
Жер менен Көкті тіреген,
Патшадай даңқы болса да,
Бекет- әулиеге түнеген,
Тәубешіл пенде бірі екен.
Бұйыртқан Тәңір бағына,
Отырды келіп тағына.
Салтанат- сәннің үстінде
Айтылды тілек ағыла...
Ақталған сынды зор арман,
Ашылды сара жол алдан,
Арналды ханға асыл сөз,
Ақ киізге оранған.
Сөздің де бар ғой үстемі,
Сауық бір қызған тұс па ед,
Сұрады сөзді жас жігіт,
Толқуды басып іштегі.
-Айтып көр, қане,-деді хан,
Қозғалып жәйлап тағынан.
Жиналған небір жақсылар,
Айнала оның маңынан,
Шетінен сырбаз, дені паң.
Сөйледі сонда жас берен,
Озық бір оймен өскелең:
-Ұлылар ұлы болмай ма,
Жанында серік, доспенен!
Жүргенге жалғыз қайғы бар,
Жалғыздың таңы айрылар.
Бағы бар елдің Ханының
Жанында Жайсаң сай тұрар!
Бұл жерде бар-ау айтарым,
Бөлек бір жайды байқадым.
Туған ғой Ол да ел бағына,
Таусылмас шексіз қайнарым.
Дара бір туған данамыз,
Ағамыз біздің бар Абыз.
Өнбойы тұнған ұлылық,
Бейнебір дария, даламыз.
Айбатты ер десең, айбатты ер,
Саясаткер десең, саясаткер,
Қайраткер десең, қайраткер,
Көреген десең, көреген,
Суреткер десең, суреткер...
Қияға ол талай өрледі,
Мансапқа жетті, терледі.
Төмен бір түссе қызметтен,
Ұсаққа көңіл бөлмеді.
Тоң-торыстықты сүймеді,
Сабырмен өзін биледі.
Тонын да ашу үстінде
Айналтып теріс кимеді.
Жоймады Сізбен достығын,
Қазаққа достық – басты ұғым.
Жарасып екі Ұлы Адам,
Көрсете берсе бастығын.
Сол болар соқпақ үлгілі,
Халықтың бастау-бірлігі.
Жақсылар жүрсе жарасып,
Жұртына түгел қарасып,
Жаман да болмас тірлігі.
Жанарда, Аға, тұр ағын,
Келгендей болды-ау жылағым.
Арманшыл қазақ халқының
Артуы үшін даңқының,
Қосарлап шабың, Пырағым!
Достықтарың үндессін,
Иықтасып күн кешкін.
Алынып асқар асулар,
Көшке ұлы халқым ілессін.
Татулық болсын елімде,
Бейбіт күн болсын жерімде.
Қос Қыраным, қалықта,
Елді бастап көгімде!..
Жігіт сөзі еркін-ді,
Берді білем серпінді,
Ел билеген ағалар
Ұғынысып желпінді!..
Тереңдерге бойлаған,
Есті жігіт сайраған,
Ерек туған жан еді,
Ол да Ел қамын ойлаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу