Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  158


Автор: Ғалым Бисембіұлы ӘРІП

Қазақ жері

Кең Дала, Қазақ жері – байтақ қандай,
Көз салсам, көңілім бір жай тапқандай.
Көк сүңгісі жарқылдап бабалардың,
Тұлпарлардың дүбірін ойлатқандай,
Көненің тылсымына бойлатқандай...
Сақтар, Ғұндар, Көктүріктер...-
Ежелгі елім,
Түйсігім бағзы даңқын сезер менің:
Күлтегін, Тоныкөк пен Білге қаған,
Естеми қол бастаған кезеңдерің!...
Жер үшін болса бүкіл шапқыншылық,
Түркінің бойында бар артықшылық:
Тұлпарды серік еткен көшпенділер-
Талайды мойындаттың даңқың шығып!
Түркілер Көктәңірге сиыныпты,
Түркілер қара бұлттай түйіліпті!..
Түркінің табан жұртын иеленгенҚазаққа Ұлы Дала бұйырыпты!
Қазақ жері!
Қазақ жері!
Шетсіз-шексіз сайын далам,
Құдіретіңе тәу етер пайымдаған.
Қарыс сүйем жер үшін баһадүрлерҚырқысуға ешкімнен тайынбаған!
Күн кешем сол Далада арқайын-ды,
Жақсы деп жобалаймын жағдайымды.
Түркі рухы Қазақта-
билей білген-
Түркістан, Тұран менен Алтайымды!
Сондықтан Қазақстан – төрім ұлы,
Біздерміз баяғы сол Көкбөріұлы.
Біздерміз – Ұлы Дала иелері,
Түркінің бәрінен де жолым ұлы!
Мен бүгін алабөтен бір түледім,
Бар менің Түркі деген дүр-тірегім!
Білгенге Қазақ- Ата, Қазақ-Ана,
Ақиқат тарих осы, түркілерім!
Қазақта Ұлы Дала, көңіл дархан,
Әлемде тоғызыншы орын алған!...
Бір күні қазақ саны 100 000 000 болар,
Адамда таусылған ба өмірде арман!?
Сонда біз айрылмаймыз кең Даладан,
Кетпесін бұл ақиқат ой-санадан.
Қазақты өзгелермен тең етпеккеӘр ару туу керек он баладан!
Біз сонда арыламыз қайғы-мұңнан,
Сескенер өзге жұрттар айбыныңнан.
Ол үшін әр балаға – 10 мың доллар,
Бөлейік қазақ жері байлығынан!
Байлығым – ең бірінші адам болар,
Байлығын бере алмаған харам болар.
Қара жер асырайды мәңгі бізді,
Байлығын ұқсатпаған надан болар.
Билікке айтар осы базынамыз,
Қара жер –қасиетті қазынамыз!
Қазақтың жерін сатпай,
қорғай білсек,
Тарихқа тұлғалы ер боп жазыламыз!
Көрерміз кей жәйттерді өмір жетсе,
Көңілде іркілер ме тегінде өкпе!
Қалайша күйінбессің,
жерім менің
Егерде талан-тараж болып кетсе?!
Жер, жер деп бабам найза, ту ұстаған,
Жау жоқтай сол жер үшін ұрыспаған.
Бәрібір тіліміз бір, діліміз бірТүркілер - өз бауырым, туыс маған!
Түркілер, түркілердің азат елі,
Түркілер –сақ пен ғұнның зәузәт елі.
Қасиетті тектілер топырағыҚолдасын мәңгілікке Қазақ Жері!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу