Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  106


Автор: Ерлан Жүніс

Экспромт

Өлеңді сүйдім дегенше, әлемді сүйдім дегейсің,
Әлемді сақтап қалатын сәлемді сүйдім дегейсің.
Өлеңді білдім дегенше, өмірді білдім дегейсің,
Санаға емес, жүрекке сенуді білдім дегейсің.
Ақынды таптым дегенше, өзіңді таптым
дегейсің,
Дүниені мынау тәрк етер сезімді таптым
дегейсің.
Ақынды сүйдім дегенше, қазақты сүйдім
дегейсің,
Ақынға тидім дегенше, азапқа тидім дегейсің!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу