Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  67


Автор: Ерлан Жүніс

Жолшы

Жолшы, жолшы, жолшы,
Қасыңа ерейін, қабағыңды берші.
Жолшы, жолшы, жолшы,
Жүзіңді көрейін, қайырыла көрші.
Жолшы, жолшы, жолшы,
Жалғызымды шалайын, қонағым болшы.
Жолшы, жолшы, жолшы,
Жастығың болайын, жаныма қоншы.
Жолшы, жолшы, жолшы,
Жолыңа қарайын, хабарың салшы.
Жолшы, жолшы, жолшы,
Қайғыңды алайын, қайғымды алшы.
Жолшы, жолшы, жолшы,
Қызметіңді қылайын, кідіре тұршы.
Жолшы, жолшы, жолшы,
Саулығыңды сұрайын, саулығымды білші.
Екі де дүниенің екілеу арасын,
Баян қылмайсың, жолшы,
Айыбым қайсы, жолшы,
Жан арбайсың, жолшы.
Аял қылмайсың, жолшы,
Қайырылмайсың, жолшы,
Оралмайсың, жолшы,
Өзіңді іздеп әлі кетіп барасың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу