Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  87


Автор: Ерлан Жүніс

Инкогнито

Менің мұңлы ойларымның ішінде:
әлем, тағы өлең асқақ пішінде.
Сыртында оның өмір мәңгі ұйқыда,
Өмір... мені көріп жатыр түсінде.
Аласұрып, байыз таппай әлемде,
Айналамын өлеңге.
Мендік ғұмыр – сүю жайлы жасыл түс,
Өлген тілде жорып қойған әуелде.
Сұп-суық тер маңдайында ғұмырдың,
Түңілдім.
... Өмір мені көріп жатыр түсінде,
Ал мен оның өңіне қарай жүгірдім,
Сосын, шошып... өзіме қарай жүгірдім...
Оянуға асықпаңдар, адамдар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу