Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  159


Автор: Ерлан Жүніс

Таңғы ән

Әр күні сенің күнің келеді,
Әр таңда күн сенімен бірге!
Бұл сенің, сенің нұрлы әлемің,
Жарияла ресми түрде:
Бұл – менің күнім,
Менің бүгінім!
Бұл – менің жырым,
Менің ғұмырым!
Бұл – менің ісім,
Менің жеңісім!
Мен – әлем үшін,
Әлем – мен үшін!
Әр адам саған бауыр, шын досың,
Сөйлейді бәрі де бір тілде.
Бәріне, бәріне сен үн қосып,
Жарияла ресми түрде:
Бұл – менің досым,
Менің бауырым!
Бұл – менің көшім,
Менің дәуірім!
Армен таңдарға,
Түнге –
өремен!
Мен бар – сен барда,
Бармын! – Бар Әлем!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу