Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  100


Автор: Ерлан Жүніс

Дұға

Күлтегін күннің ұлы екен,
Күлтегін мәңгі тірі екен!
Өлі өмір емес, тірі өлім:
Баяны қалды, бас кетті.
Қағандардың жүрегін
Тарихшылар тас депті.
Күлтегін күннің ұлы екен,
Күлтегін мәңгі тірі екен!
Жат өмір емес, өзге өлім:
Аяны қалды, тіл кетті.
Қағандардың сөздерін
Тарихшылар құм депті.
Күлтегін күннің ұлы екен,
Күлтегін мәңгі тірі екен!
Ау, мынау Тетис түбінде,
Қағанды, қайтер, шақырсақ?
Бөрілер түркі тілінде
Тәңірге дұға оқыр шақ!
Күлтегін күннің ұлы екен,
Күлтегін мәңгі тірі екен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу