Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  340


Автор: Ерлан Жүніс

Болашаққа хат

Болашақ, мен сені өткергем,
Ішімнен, түсімде, өткенмен,
Бір сәтке тұрмайтын ғасырмен,
Мыңжылға бергісіз сәттермен,
Болашақ, мен сені өткергем.
Болашақ, мен сені сүргенмін,
Бір дем мен арасы бір демнің,
Жыласам, сен болып жылағам,
Күлсем де, сен болып күлгенмін,
Болашақ, мен сені сүргенмін.
Болашақ, мен сенде болғанмын,
Сертімен үмітті таңдардың,
Дертімен үмітсіз жандардың,
Елесі секілді арманның,
Болашақ, мен сенде болғанмын.
Болашақ, мен сенде туғанмын,
Жап-жарық жұлдызбен нұрландым,
Жанымды, арымды, тұлғамды,
Бүгін жоқ тауларға шығарып,
Бүгін жоқ теңізге жуғанмын.
Өзімнен не көрдім, не кештім,
Кімдермен сырластым, кеңестім.
Жүрегім өзіңде сақтаулы,
Жоғалтып алмауы үшін ол,
Сені ешкім,
Болашақ!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу