Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  74


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Түн

Түпсіздікке тұншықтырып түн мені,
Тұнжырайды тылсым бір.
Тоқтап қалды тіршіліктің үндері,
Тек мен ғана күрсіндім.
Жабылмаған жанарындай өліктің,
өлімсіреп жұлдыздар.
Жаназасын оқығандай көріктің,
Түнгі ызғар.
Ұмыттырып менің тыныш ұйқымды,
Отырмын көз ілмей.
Ашып бердім түнге мынау сиқымды,
Ал түн тұр көз ілмей.
... Салып көр қане қиғылық қырсықтарыңды,
Қазірше азатсың.
Көремін түн сенің тұншыққаныңды,
Таң атсын...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу