Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  82


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Қаңғыру

Ол өмірде жоқ болатын, оралды,
Ол өмірде бар болатын жоғалды.
Келгені мен кеткенінің арасын
бір қою мұң орады.
Содан бері санам бір сәт тыншымай,
жынды бақсы жыны қонған жыршыдай.
Ғарыш жаққа ұшып кеткен жалғыздық
қайта оралды, қырсық-ай!!
Тәңіріден тартыншақтап,
тынысым
үзілердей тілім істі, құрысын!!
Суырға ін қазысқандай сүлкиіп,
мынау болды тұрысым.
Ессіздіктен ел бұзылып, ер өліп,
естір құлақ қалмағанда, не делік?
Адуакат етіп жалдап шәйтәнді,
әзәзілге айтқызғамын төрелік.
Оны қойшы, жоғалғаны орынды,
ымырт шақта мысық кесті жолымды.
Есігімді құлыптаусыз қалдырып,
бағыттарға сілтей салған қолымды...
жүр, кетейік!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу