Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  113


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Жоқтау

Айдаһар аузында
Оспанның арманы жұтылып кеткенде,
Алтайда ұйыған құт іріп кеткенде,
коммунист көлгірлер жұтынып жеткенде;
Санамыз сатылып, түкіріп өткенге,
иманың иленіп, күпірлік көктерде,
иманын айтуға үлгірмей Арыстар,
Арманда атылып кеткенде;
Өр басы қырқылып қабылан батырдың,
от тілі кесіліп бағылан ақынның,
кісәпір қолымен сатылып кеткенде,
Ерлігі өлеңдей, өлеңі от сынды Махамбет
тұранның төсінде аһ ұрып өткенде;
Кененің әз басын олжа ғып құзғындар,
қызыл қан төккенде,
Бірлігің көкпар боп бұзылған бектерге.
Қайырар қайраның азайып,
түбіңе қасірет жеткенде,
жауыңның алдында жыламай,
қасқайып тұрып ең, құламай,
Рухың қайда сол, қазағым!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу