Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  91


Автор: Серікбай Әбілмәжін

Тіл

Телегейдей теңізім,
Текті ауыздан лебізім.
Таңдайымда бүрлеген,
Тағдырлас егізім.
Желтоқсандағы ерлігім,
Өз жеріндегі мұңлығым.
Шимай-шимай тағдырыңдай,
Шұбарланбашы құлдығым.
Еркіндігімнің тұғыры,
Рухым сенде марқайған.
Өшпесін сенің үнің деп,
Келгенмін сонау Алтайдан.
Тек-тең алтын көтеріп,
Тезегіне сүрінген.
Пенделерден нем артық?
Тілім артық, пұлым кем.
Өбектеп келген сан ғасыр,
Даламның тілі, бабамның,
Анамның тілі, арымның,
Бауырдың тілі, қаламның.
Болса екен тілі баламның,
Болса екен тілі ғаламның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу