Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  94


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жігер қайнап

Саялы жəй деуші едім жаныма тек,
Қақтады өмір талай бір жалынға əкеп.
Уақыттың бүгінгі сын сағаты,
Өзегімді ортадан жарып өтед.
Болмаған соң тас түйін дайындығым,
Құн төлемей жатыр жыл, айым бүгін.
Белдеуімнің арқаны бос болған соң,
Кімнің барып сұранам қайырымын.
Бірде ұтсамда келемін бірде ұта алмай,
Кебер болды басымның дымы талай.
Айыл тартып қайта атқа мінгенімше,
Үзік-үзік бермейді үміт орай.
Толғанамын жалғанып күнім түнге,
Үміт-үрей келіспей бір бітімге.
Жігер қайнап кетеді о, сүйегім,
Сырқырасаң сырқыра үгітілме.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу