Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  75


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Көргенде

Құрыштай піскен басың домнаға,
Жаныңды сүйем сенің момын аға.
Құлақтап сан асауды бас білдірген,
Бақандай саусақтары қолың ана.
Келесің мен білгелі тыным алмай,
Бастырып жүк артылған түрің нардай.
Жүргенің қызыл танау қара кетпен,
Бəрінде бұл жалғаның тындырардай.
Ішіңде, сөйлейсің айтарың бал,
Күндіз күн, түнде ойыңнан ай табылар.
Көргенде ауылға кеп аға өзіңді,
Көңілге көктем бұлты қайта аунар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу