Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  79


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Туындайды

Алдың құйын, артың тынып өтесің,
Осал қорықса, мықтыға не етесің.
Таң сəулесі түскенше түн қараңғы,
Мүмкін бе адам жарға соқпау шекесін.
Өмір-сарай қамсаусыз кеп кіргенмін,
Байлық деген қолымдағы кір менің.
Еркін шалып байлайды əркім үзінді,
Білген артық қысқа жіптің күрмеуін.
Сағалаған елден тудым тау ішін,
Қайғырмаймын бір тірліктің қамы үшін.
Бірде бүтін, бірде жыртық жейдемен.
Қайсарлыққа ғашық болған жаным шын.
Жоқшылықтың желіде бар дəл ұрған,
Оған əсте қайыспайды қабырғам.
Бақытымның жұлдыздары жарқырап,
Туындайды менің жүрек қанымнан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу