Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  122


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Еңбекпен

Жасқанасың жаным-ау сен несіне,
Тағдырыңның жағалас бермесіне.
Бұл табиғат қойынында талапты ерге,
Толып жатыр кең өріс, кең несібе.
Есіркетпе еш кімге намыс керек,
Жұмысың көп осынау таңда істемек.
Армандаған тауына кімде-кімді,
Шығарады шығарса намыс демеп.
Бай боласың құрасаң бір тиыннан,
Тегін жүрсең шықпайды бір түйір мəн.
Тебіренсе көңілден жауын жыр боп,
Құралып кеп жауады бұлт қиырдан.
Еңбегіңді қайталап өңдеуге кір,
Сол еңбекпен тірілген өлген өмір.
Көгереді көпсіп кеп көгеніңнен,
Маңдайына басқаның өнбеген гүл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу