Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  95


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Өмір ойы

Өмір рақат əпереді адамға,
Өмір бейнет əкеледі адамға.
Көтермесең бір басыңа келгенін,
Тірі жүріп не қыларсың ал онда.
Ездік іске болмау керек мұрындық,
Ерлік жаққа кету керек бұрылып.
Білесің бе осы бақыт күн үшін,
Қанша тасқын от пен суға ұрынды.
Тарлан тарих кешіп жүріп егесті,
Бар жоғалып, жоқтар көкпен теңесті.
Адамды адам жеңу оңай болғанмен,
Адамша өмір кешу оңай еместі.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу