Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  109


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Менің жаным

Шыдай білу қуанышқа, мұңға да,
Жарасады бітімі мол тұлғаға.
Болмаса егер бидің есіл еңбегі,
Бұл тарихты жасамайды құл ғана.
Өткір өзін отқа салып шыңдайды,
Шапқан жерден қиып түспеу шын қайғы.
Иген жерден опырылып кетсе де,
Асыл əйтеуір ажарынан сынбайды.
Мың күн жанған шырақ бір күн сөнеді,
Табалама қапы қалған сол ерді.
Алды-артыма қарамаған мен байқұс,
Білмей қалам кімді қалай сөгерді.
Тебіреніп соқпаса адам жүрегі,
Ондай жазған жыр да неге жүреді.
Айбары жоқ жақынға да, жатқа да,
Менің жаным сонша неге жылы еді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу