Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  151


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қоңыр күз

Көктем кетіп, жаз кетіп, күзім келді,
Күз келгені жастықтың үзілгені.
Шапқылаған жылдардың тұяғынан,
Кестеленді əжімдер жүзімдегі.
Кəртейуге емеспін тым ызалы,
Жеткізеді оғанда тірлік заңы.
Қай мезгілде болсада нəрлі адамның,
Жүрегінде бір от бар ду қызады.
Ой толқиды бұрылсаң ізіңе бір,
Жан тоймаған не деген қызық өмір.
Жаны тоңып жаманның жазда үсініп,
Жақсылардың көктейді күзінде гүл.
Сырқыратып ақ бұрқақ сол ашумен,
Аяз ойнар кеш қалған жолаушымен.
Толтыруға көктеммен жаздың кемін,
Қоңыр күзім жүктісің жомарт-шүлен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу