Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  210


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Балаларым

Сендерменен бақыттымын балаларым,
Сендерменен əке болып бағаландым.
Сендерден басқа айтатын нем бар менің,
Өмірде сендер ғана маған дарын.
Болсада ақ көңілім сетінеуік,
Əкелік борышты өтеу сертім берік.
Жетіңдер көк өрімдей өрбіп өсіп,
Төгілген жал құйрығым секілденіп.
Бөлейді ойлар кейде қызуына,
Мақтанып қалғанымда қыз-ұлыма.
Үйіміз ертелі-кеш ду-ду еткен,
Жетеді күнде базар қызығыңда.
Көңілде күткенім көп көксеп менің,
Адамның жек көрмеймін өр серіпкенін.
Кейде артық сілтесемде сырығымды,
Жат үлгі, жаман əсер көрсетпедім.
Тұрмыстың ашып бəрің жаңа аралын,
Жаныма көп қуаныш жамап алдым.
Адамның білем о да асылы деп,
Өмірде бір керекке жарағанын.
Ыстықта сая бөлгем қанатымнан,
Суықта жанымды отқа жаға тұрғам.
Жаңғыртып менің шекті ғұмырымды,
Өздерің жалғап қалар жəне артымнан.
Жеткіздім балаларым бейнеттеніп,
Жүректі қуанышпен тербеп келіп.
Жандары көкежасық шірік болма,
Жүрмесін əкең қара жер беттеніп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу