Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  108


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Міндеттімін...

Бұл өмір көтергендей төбеге тік,
Жан-жаққа қарамаппын елең етіп.
Қу тірлік əбігері алдай салып,
Қалыпты-ау талай шіркін өлең кетіп.
Арты оның өкіну деп санамағам,
Жауындай жастық өтті сабалаған.
Бір белгі жарқ-жұрқ етіп қалмаған соң,
Мұңайып қалады екен соған адам.
Арман-ай қалай теріс танығамыз,
Сезімнің сол күнде еді-ау балы нағыз.
Төрт көзбен күткен елдің үміттері,
Мойнымда басып жатыр бəрі қарыз.
Батамын ол тұсты ойлап бір тың ойға,
Шабыттың келіп-қонып бұлты ыңғайға.
Мұндайда өкініш бір отқа айналып,
Ұйқастар үйірінен бытырайма.
Қарама тыңдаған дос жəй мұныма,
Отырдым тəуəкелдің қайығына.
Күндердің ойланбаған, толғанбаған,
Есесін міндеттімін қайыруға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу