Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  68


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Тағы да көңіл өрнегі

Берейінші сезімнің жауып селін,
Бір боп кетті менімен жаның сенің.
Ойын-тойдай өткіздік отыз жылды,
Отыз жылға бекітіп тағы сенім.
Отауладық қыз бенен ұлды дейсің,
Жəне маған гүл өзің үлбірейсің.
Сызылғанда сызатсыз жаның жайнап,
Тың ырғақты əн-күй боп уілдейсің.
Не бітпейді сенімге тепсек ірге,
Сері қалпы барайық сексеніңе.
Жүректегі қып-қызыл шоқ сөне ме,
Əдемі өрнек қанымен шексе өмірге.
Сенсіз жетім ұшпайды қиял аттап,
Сенің жаның сүт сəуле құяды аппақ.
Өзгесін қой өтетін бір тұрмыс қой,
Ең бақыт деп жүргенді айтпайсың ба.
Бірімізге біріміз тиянақтап.
Олақтығым мендегі əттегенім,
Жүрегімде айта алмай нақ теңеуің.
Санайсың ба сен мені бəйтерегің,
Сен ғанасың мен үшін мəртебелім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу