Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  102


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Керек адам ажары жасымауға

Күні жарық, қап-қара түні барқыт,
Қайда сүйреп апарады мына уақыт.
Кезігетін қым-қуыт тірлігіңнің,
Маңдайыңа бірі сор, бірі бақыт.
Қиындық бір сыңарың сыр алғылы,
Елең көрме көрме кезіксе сірə мұны.
Ыстық пенен суықтың ортасында,
Шырқап жүрсең батырсың жыр–əніңді.
Мынау сырлы дүние бар алабы,
Танылмаған тəрізді маған əлі.
Бірін тауып əкелсең біреуі жоқ,
Шаршап жүрсең сол тірлік мағыналы.
Артық дəулет тіленіп қайтер едің,
Мəуелетсе жаның көк бəйтерегін.
Құлағанша жазатын құмарланып,
Тұрмыс деген жинағы бар теменің.
Керек болса бір өткел жан сынауға,
Байланғаны түкте емес басың дауға.
Жығылу бар, жығу бар əсте мұнда,
Керек адам ажары жасымауға.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу