Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  145


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Өтті-кетті

Бір досымның өлердей оты өрлеген,
Жанында едім жалғаннан өтерде мен.
Адам еді кірпиаз жаны сонша,
Ақ жейденің ауырын көтермеген.
Қолдауыма құдайдың бір қуаты,
Қалмай келген жарыстан бір күнде аты.
Мансап үшін мəз болып бір ғұмыры,
Биіктеген көңілдің гүл қыраты.
Осы белге қырық жыл шығып табан,
Жаны тыншып бір күнде тынықпаған.
Жандарды жанына жуытпаған,
Бұл өмірдің сырынан түк ұқпаған.
Өтті-кетті дүние дөңгеленіп,
Арып-талған жанына бермеді ерік.
Соңғы демін үзердің тап алдында,
Тебіреніп тосаттан жөнге келіп.
Қаратпады ол болсада от бітімді,
Қызыл–жасыл дүние өтті тынды.
Жұма алмады жанарын өкінішпен,
Байлады ажал сарнаған өткір тілді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу