👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  31


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сағындым

Сағындым сонау шақты алыс қалған,
Жейтін боп барамын ба жоқ іске қам.
Ертемен көзімізді тырнап ашып,
Тынбаймын кеш батқанша алысқаннан.
Астына неше қырдың ұзар барып,
Жан сырды отырушы ек біз ақтарып.
Құрбым-ай айта берсең соның бəрін,
Қу көңіл қалады екен сызаттанып.
Жанымыз жалын атып күш тасыған,
Əлемді ұстайтындай тұтқасынан.
Албырт ой алаулаған адал мақсат,
Ар жағы аузын ашса сүт аңқыған.
Сағындым сол шақтарды сағындым мен,
Сонда еді бөліскен дос зар-мұңымды ең.
Жанымды бояулағым келеді үзбей,
Сол таза сезімдердің сарынымен.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы