Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  92


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ел туын ер ұстайды

Ес көріп ел сүйеді ер жігітті,
Жан деме жүрегінде от кем ынжықты.
Қарадай құты қашқан құнсыздар көп,
Болмасын ондай ұлға келін жүкті.
Боп жүрген жанын төсеп ел ұлтаны,
Еңбегін егейлердің енді таны.
Ел туын тұлпар мініп ер ұстаса,
Қусырып талай алыс жолды ұтады.
Кей кейде келеді үрей таным маған,
Кісідей төбесінен тау құлаған.
Елдіктің сəн тұрады қай жерінде,
Алдымен өз асылын танымаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу