Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  88


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жете алмайсың мәніне

Суық көрме көңілі жаз адамды,
Жүрек деген сонда бар таза қанды.
Сезінудің, танудың қатесінен,
Мүмкін талай кінəсіз жазаланды.
Қайрамаса қайталап шыдам мықты,
Шындық қашан мінбеге шыға алыпты.
Арамзалар жүргенде араласып,
Танымайды аңқау жұрт шын анықты.
Көңіл жазып көз құрғыр қарығарда,
Олжалайды бұлбұлдың əнін қарға.
Ұзақ көште ауыр жүк артпай жатып,
Санау қате түйенің бəрін нарға.
Алтын басың кей жерде қалып төмен,
Бұзылады кейде үлгі қалап деген.
Жасақ құрсаң жалғанда жаңылмай құр,
Өзіңе əбден жан сыры қанықпенен.
Жеткенге ешек мəніне тауып əлі,
Кей татулық аяғы дауға ұрады.
Əй, өмір-ай шытырман сырларыңа,
Жеткенге ешек бас талай қаңғырады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу