Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  97


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Тағдырыма

Тілемен маңдайыма артықты мен,
Өзі де денсаулықтың шаттық кілең.
Еріп ап түсініскен жандармен бір,
Төрінде бұл өмірдің шалқып күлем.
Өзі құт еркін тірлік жазы маған,
Желпініп құлашымды жазып алам.
О, дала бермесеңде дауылыңды,
Бер қоңыр самалыңды азынаған.
Өмірге, өзгеге де өкпелемей,
Көңілімде тоқтығым бар көк төбедей.
Алысып, аударысып жүрген тірлік,
Немене көктем емей, өктем емей.
Аспаным бір тамбаған тандыр емен,
Қойнауы қайың-шетен тал бүрлеген.
Табан ет, маңдай терді жалдап жүрмін,
Тауыспа талап отын тағдырменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу