Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  90


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ата мекен

Бəрінен артық көрем ата мекен,
Сұқтан сау сақтаған ақ батаң ба екен?
Сыймаған кей көңілге ерке басым,
Жеріңе алақандай бата кетем.
Ыстықсың анам құсап шағын аумақ,
Бермеген егескенде жауына бақ.
Тыңайып кете бердім шаршағанда,
Торғындай топырағыңа аунап ап.
Жоқ маған сенен көркем тұлға мүсін,
Танығам өзіңде алғаш ұл намысын.
Суынып көрген емес сері сезім,
Сен ыстық құшағыңа ап тұрған үшін.
Өзіңнен көктеп өнген түп сабағым,
Сенде ашқам маңдайымның тұмса бағын.
Білімге ұшан-теңіз қарық болам,
Өмірдің сенен оқып тың сабағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу