Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  91


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Адам осы

Аюлар апанында ақырса да,
Не қылмақ бар адамға ақыл-сана.
Тігісі адалдықтың сөгілмеген,
Оқ болып арамзалар атылса да.
Қай күні бас жарылып көз шықпады,
Біреу өнсе, біреудің өшіп бағы.
Көз алдымда қым-қуыт бұл дүние,
Қонған жерден жатпай ма көшіп тағы.
Жаным құмар мінезі мəндесіме,
Айтылған сыр солармен қалды есіме.
Қолға қонған алтынды құмдай шашқан,
Не демекпін көкейі сəулесізге.
Амал бар ма дес тиіп есе алғанда,
Есті адамдай көрінді-ау есалаңда.
Кейде қаңғып жүреді қайран бақыт,
Табылмаған не маған, не саған да.
Бір ғұмырда екі кеп екі өлмейтін,
Адам осы аш-тоғын көтермейтін.
Кей жаманды жан тартып жарылқасаң,
Шыға келер көрсетіп бөтен кейпін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу