Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  107


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Бұлттанамын

Тоғысатын əр тілек, əр арманы,
Киімі ұқсас бір тойға барардағы.
Айналмада бір досым аяқтан ап,
Адал жүрген жанымды арандады.
Не ғажайып тұр мұнда таңырқайтын,
Тартып қойған дос қайда қалыпқа айқын.
Шығады екен достан қас, қасыңнан дос,
Аңқылдаған ақ жаным əлі ұқпайтын.
Жығады екен сыртымнан ұрып қандай,
Болған құрсын осындай қылықтан бай.
Кей ісіңнен адамдар қорқамын мен,
Барама деп шын достан ұрық қалмай.
Сырыңды айтсаң кей досқа өте егіліп,
Деп сезеді соныңды бөтен қылық.
Үзеңгісін ұмытып кетеді екен,
Атқа мініп алған соң көтеріліп.
Айналып кеп обатын оралғыға,
Досың екен қасты үйтіп обал қылма!
Көзге күліп тұрғанмен көмескіде,
Сумаң қағып жүрме дос өр алдында.
Аттап-бұттап досыңның құт табағын,
Қазанына түкірме ұрттап ағын.
Көріп тұрып жиреніп осыныңды,
Жəй ататын аспандай бұлттанамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу