Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  141


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ағайын...

Жаға алмадым апыр-ай ағайынға,
Менің жаным соншалық анайы ма.
Не болмаса ағайын түсінбей ме,
Жүректегі адамдық арайыма.
Тірі күнде жауласып шыдасада,
Мақтайды кеп бойдан жан шыға сала.
Сыйласпаса тіріде ағайынның,
Шын досыңдай қиылып жыласама.
Үлкендер бар кейде кеп ағасыған,
Ерімеген жүрек тас тап осыған.
Сол ағалар емеспе тілейтұғын,
Дұшпандардың сақта деп табасынан.
Менің басым өсекке ерте ілінер,
Түсінбесем жаныңды ерке інілер.
Мен сендерді қимаймын жаман деуге,
Маған қалай қарауды еркің білер.
Назымды айтсам ойлама қысқа оныда,
Таласқам жоқ жазда атың, қыс тоныңа.
Қатарынан соның да қаған бар-ау,
Көктемдегі қарасаң құс тобынан.
Алыс жүрсең отырған тауы да ыстық,
Ағайынмен біз талай сағыныстық.
Жақын жүрсең тістесіп қадірің жоқ,
Құм болады жігерің тағыда өстіп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу