07.05.2022
  105


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қолтықты жаз

(Балаларға тілек)
Жатқан сырлар жұлдызда, айда бұғып,
Тіл қатпайды жатқанға жай қамын қып.
Түйіліп кеп қырандай шырқамасаң,
Шауып жетер жерде емес тайға мініп.
Қалды атадан балаға неміз қойма,
Бас қатырып кел қалқам негізгі ойға.
Ғылым-өнер кем елде қай-қашанда,
Тоғырпаған көк бойға, теңіз бойға.
Емес мынау ауыл үй дау салған күн,
Түсін жаңа ғасырдың дəу салмағын.
Құстай ұшып жетесің көкіректе,
Аласұрып осыған ауса арманың.
Ұшқыр жылдар бір бірін қуа келді,
Алтын кілтін қолыңа ал бұрап енді.
Көкейге алып, көз тігіп қолтықты жаз,
Бəсекемен жарысқан мына əлемді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу