Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  220


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Жақсылар-ай, жақсылар

Жүректен жайлау алған, қыстау алған,
Жақсылар ес қой қайбір тұста маған.
Бой алған адамдығы ар-ұятпен,
Кір қолмен ақ намысты ұстамаған.
Қуантса көп қиындық шегіп елді,
Өзіне оны ең үлкен шен біледі.
Сергітеді жан тартып, жақын көріп,
Көңілінде мұң жүрген шерлілерді.
Жүрегінің түбінде тұныған əн,
Жүрген жері береке ұлы ғалам.
Жанарынан жарқырап жарық түскен,
Жақсыларсыз өмірдің күні қараң.
Сендерде ғой ақ жаңбыр себелеген,
Тым алысқа құлашты сермеу деген.
Бірге жүрген адамда арман барма,
Жақсылар-ай, жақсылар сендерменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу