Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  108


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Байтақ әлем

Бай Әлем, байтақ Әлем, көркем Әлем,
Далаң гүл, көгің нұрмен көмкерілген.
Көтеріп түтініңді тұр биікке,
Жаңа өмір өркенімен, өр тебінмен.
Шықсамда көктің жеті қабатына,
Сенбеймін сендей мекен табатынға.
Керемет қасиет бар құт шаңырақ,
Жайылған керегеңнің қанатында.
Мал сіреп, дəн құйылған, шалқар Ілем,
Баянды маңдайыңда бақ бар, Ілем.
Қиялым сенен ұшқан қанат қағып,
Тілесем келер нұрлы шақтарыңмен.


Бай Әлем, байтақ Әлем, көркем Әлем,
Төсің гүл, көгің нұрмен көмкерілген.
Өміршең нөсерлеген жыр туады,
Сендегі дарқан тірлік көктемінен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу