Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  117


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ұқсамайды

Өмір шыншыл соған ел текті дейді,
Менің жаным тектіні көп тілейді.
Баққан күні қатал бір мінезіне,
Өлгеніме қарамай тепкілейді.
Түрегелсем жығылған жерімнен тік,
Сол өмірдің өзінде тебірентіп.
Сенім байлап жөнелсем арман қуып,
Аяғымнан тозғанша темір етік.
Түшіркеніп ішкен деп қандай удан,
Қайта сүйсе тер жуған маңдайымнан.
Араласып көңілім өміріммен,
Тауып тұрам қант пен балдай ұнам.
Бейнет егіз бақыт пен мəртебемен,
Өмір емес ту бастан мəпелеген.
Басты орында өмірдің қаталдығы,
Ұқсамайды шешемен əкеменен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу