Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  159


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Қайдасыңдар, кешегі құрбы қыздар???

Қырықтың шықсамдағы қырқасына,
Жыр арнау ұят па екен құрбы атына.
Қондырған көкейге күй, көңілге гүл,
Сол ерке сезімдердің қуатыма.
Қойғанға жырдың атын құрбы қыз деп,
Құрдастар алар бəлкім бір мүйіздеп.
Біздің де болмап па еді гүл шағымыз,
Сондағы шерттім көңіл күйін іздеп.
Өзімді өмірге əлі өлшетпеген,
Шикі едім ій қанбаған ол шекте мен.
Толқыса қос бұрымың жерді сызған,
Сен онда бүлдіршіндей бой жеткен ең.
Күлкіңнен гүл шашылған қызықты күн,
Таппағам тал бойыңнан сызып бір мін.
Ұясын ұятыңның бұзбай тұрып,
Қытықтап пəк сезіммен қызықтырдың.
Жарқ еткен жанарыңнан білетінмін,
Жаныңның риясыз жылы екпінін.
Сен мүмкін түсіне алмай онда мені,
Білмейтін жасық көрдің жүрек тілін.
Десекте сол шақ бізден жырақ қалды,
Жарасар əзіліміз бірақта əлі.
Отырмын үйіріліп уыз шабыт,
Кілтін жүрегіңнің бұрап тағы.
Ағытсақ сыр түгейме бастан бірақ,
Ыстық ед біз ойнаған бастау-бұлақ.
Бүгінгі үйіміздің шертожы екен,
Жинаған ойншықтар тастан құрап.
Əр саққа сəби сезім жетелеген,
Тынымсыз ойын қысып екі өкпеден.
Құрбылар екен тəтті көңіліміз,
Бүлдірген, терген шие етекпенен.
Не деген қызулы еді, дүрмекті еді,
Аласа үй біз оқыған қар мектебі.
Ұқсатам кешкен өмір жолдарына,
Алғашқы шимайлаған иректі енді.
Бар еді шынымызбен ойын қабат,
Біз ертең кім боламыз қойылған ат.
Кеудеңде оты маздап үмітіңнің,
Қыйырға қағатын кеп ойың қанат.
Биіктеп санамызда ояу таным,
Бақыттың сүйдік қызыл бояу таңын.
От басы, отан деген махаббаттан,
Алғашқы көтергеміз ой отауын.
Қайдасың о, менімен құрбы қыздар,
Есімде жандарыңның гүл ізі бар.
Кел бері сынықсымай сырласайық,
Болармыз бірімізге біріміз зар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу