Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  89


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Мен түсінсем

Жаздар өтті қарап талай күз бері,
Мезгіл-керуен қоңыр əуен үзбеді.
Еске алды ма жоқ ұмытып кетті ме,
Өліп талып ғашық болған қыз мені.
Əттең сол қыз нұрдай ма еді, гүл ме еді,
Тас бұлақтың сыңғырында күлгені.
Ұяң жаным айтпаған соң сүйем деп,
Көзде түрған көңілімді білмеді.
Білсе қандай тамаша еді шіркін-ай,
Баспайтұғын сезімдегі жүк былай.
Мүмкін ол да сезе алмады сыртынан,
Менің сынып жүргенімді шырпыдай.
─ 35 ─
Мұнда əкеліп шығарса да жыл өрі,
Сол қыз əлі жұмбақ болып жүреді.
Қимылыма көз де салмай жүргені,
Мүмкін мені сүймейді оның жүрегі.
Көрінбейді сорыңда онда, бақ онда,
Батып алсаң сезім деген бадамға.
Түсінеді ғашықтықтың не мəнін,
Өзі ғашық болмаған жан адамға.
Жүрмейді оған жағыну мен жалыну,
Шын сүйуден қызынады жаның бу.
Мен түсінсем ғашық болу деген сөз,
Ғұмыр бойы бір адамды сағыну




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу