Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  96


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Тірілер

Жүрушіеңдер мен сендерге күйік боп,
Ту сыртымнан жұдырықты түйіп кеп.
Енді алыңдар ғайбатымды бөлісіп,
Көздеріңше мен ұшайын биіктеп.
Өмір көші жүгін артқан алып нар,
Адалдықтан алған біттей əлім бар.
Үйім көшкен жұртты басқа көтеріп,
Күншілдіктен тымақ тігіп алыңдар!
Ұмытады деп жүрмеңдер мүбəдə,
Ата мекен мен сыймаған бұл ара.
Қатал уақыт тауып өмір шындығын,
Тұрғызады əркімге бір мұнара.
Көреді оны біз өлсекте тірілер,
Менің тұтқа болмасымды кім білер.
Адал жаным ақ күйінде қайтадан,
Басып кеткен іздерімнен тірілер.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу