Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  121


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ұстаз көңілі

Зая өткен жыл, ай, күн үшін,
Ойлайсың нені күнішім.
Мазасыз күйде жүрмін мен,
Жазылмай қалған жыр үшін.
Байлайын сезім үмітпен,
Ұзарсын шағың бүлдіршін.
Жүрсең де қанша еркелеп,
Партаңа отыр ерте кеп.
Берейін жауап қаласаң,
Сұрай бер бəрін ентелеп.
Шытайын неге қабақты,
Тұрсам да шөлдеп, не терлеп.
Берейін сабақ жаңа, тың,
Түйін көп есте қалатын.
Сендерден көрсем мақтанам,
Жеткеннен құйрық қанаттың.
Біз жетпей кеткен арманның,
өздерің жалғап ал артын.
Қарыұқып борды дəскімен,
Келемін түсіп бəске мен.
Күресіп келе жатырмын,
Надандық дейтін қаспенен.
Баққаным шəкірт зердесі,
Соқпайды зауқым басқамен.
Баланың жанса талабы,
Жанымның шөлі қанады.
Мен үшін алтын аймақтай,
Мектептің шағын алаңы.
Соғылса сары мыс қоңырау,
Жанымды баурап алады.
Білімнің керек жарығы,
Білімді болған жан ұлы.
Талабы мына ғасырдың,
Айтады оза шабуды.
Айтады қиыр шабуды,
Қанатты құзға жануды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу