Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  115


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Тілашар

Еңбегім қадірімді көрер менің,
Сол «тентек кекілділер» көрерменім.
Ұстаздық алғаш басқан қадамымда-ақ,
Өзімді сол бекімге көгендедім.
Сотқар боп өз үйінде бағаны алса,
Кетпеді еркелепте маған аса.
Жүрегім елжірейді кетеді еріп,
Жаныма айналып кеп ағаласа.
Астында сан ауырдың талып белім,
Тереңнен іздегенін алып бердім.
Алдымда ашқан солар алғы бетін,
Тіл ашар кітабымыз əліппенің.
Тұрғандай қолыма алып десті кілең,
Солардан сыйлаған сөз естідім мен.
Шықсада қай биікке көз алдымда,
Тұрады сол балалық кескінімен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу