Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  86


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Мамыр туды

Мамыр туды маужыраған сұлу ай,
Өнебойы сыңғырлаған сыр ыңғай.
Ерке сезім тасып кетіп барамын,
Таудан өрген мөлдір бұлақ суындай.
Тең боп барам көңілі мəз баламен,
Уылжиды гүл аңқыған дала кең.
Əттең шіркін берсе рұқсат мекемем,
Көктеулікте мал бағып ақ қалар ем.
Бал татиды қою сүт пен ірімшік,
Айранынан ұйқың келер бір ішіп.
Өрлеп барам гүл жамылған төбеге,
Біреуінен біреуіне зыр ұшып.
Масайраған күндерінде мамырдың,
Қай салмағы білінеді ауырдың.
Қуат билеп сергіп сала бересің,
Жолда қалып деп жүргенің ауырдым.
Мамыр туды жаздың күні басталып,
Дала бесік жатсаң гүлін жастанып,
Тербеп ала жөнеледі қиялды,
Жаның ерке сезімдерге мастанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу