Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  82


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

КІтап

Құяды əрбір сөзінен,
Құдіретті күш маған.
Балапандай жетілем,
Қанат–құйрық ұштаған.
Айғайлаған отты үнмен,
Тауып жүрек сөзімді.
Күлкімнен гүл төктірген,
Басып қытық сезімді.
Өмір сырын ұқтырып,
Сорғалаған сөзі бал.
Ойы бастау тұп-тұнық,
Ағыны көпке созылар.
Кітап сені сүйемін,
Құмарланған шөл қанып.
Ой сезімге иемін,
Оқығанда толғанып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу