Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  97


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Сәбидің серті

Балдырған балдай сəбимін,
Бəйшешектей гүл ашқан.
Менімен кіріп сəні үйдің,
Ата-анам көл боп бу атқан.
Еркіндік–теңдік шұғыла,
Сүйеді менің бетімнен.
Өрлеген таудың шыңына,
Қырандай түлеп жетілем.
Ентелеп сəби шағымнан,
Талаптан қанат тағынам.
Жарық ап білім шамынан,
Арқама жұлдыз жамылам.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу