Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  131


Автор: Фариза Оңғарсынова

Жыр оқысам

Жыр оқысам жадырайды қабағым,
жыр оқысам нұрланады жанарым.
Мен өмірдің лəззатын, қызығын
жақсы жырдың жолдарынан табамын.
Əрбір күннің қайталанбас жыры бар,
əр жүректің айта алмайтын сыры бар.
Білетіндер тіршіліктің қадірін
жақсы жырдың жолдарынан ұғынар.
Жыр оқысам, жаңа ашылған гүлдеймін,
көктемдегі сəулесі мол күндеймін.
Жыр оқысам, ынтығамын өмірге,
қайғыруды, жабығуды білмеймін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу