Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  203


Автор: Фариза Оңғарсынова

Мәңгілік от

Мəңгілік от қызыл жалын лаулаған
ұшқынындай жарқыраған көздердің.
Мəңгілік от – Күн нұрынан аумаған
ескерткіші жалындаған кездердің.
Күнде өтемін мəңгілік от жанынан,
жүрегіме саркылмайтын нəр алып.
Мəңгі бақи өшпейтін бұл жалыннан
батырлардың даңқы жатыр таралып.
Қорғағандар туған жердің намысын,
аңыз болып қалды бізге от күндер.
Жер үстінде ұрпақтардың бағы үшін
тіршіліктің отын жағып кеттіңдер.
Мəңгілік от, сөнбе, сөнбе, алаула –
жайып жатсың сен ерлікті ғажайып.
Мен келемін жалыныңа қарауға
жүрегімде кетсе жылу азайып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу