Өлеңдер ✍️

  06.05.2022
  118


Автор: Фариза Оңғарсынова

Бауырластық қағидасы

Шығыстағы Бұхарада
əмір тақтан ұшқанда,
Орыс аға мейіріммен
жол көрсетіп түсті алға.
Қышлақта сонда естідік
елең етіп тың үнге,
«Еркіндік», «нан» – екі сөзді
алғаш орыс тілінде.
Ата-анам да таныды алғаш
Россия дауысын,
Таныды алғаш əлемдегі дүниенің
ағысын.
Горький айтқан ұлы сөздің
келді сонда шындығы,
«Адам» аты Айдан асып,
аялады күн нұры.
Фрунзе айтты Ленинге:
ел бақытты бұл жерде,
Қызыл тулар аясында
Бұхара еркін гүлдеуде.
Біледі ұрпақ сол сөздерден
Салтанат та басталған,
Сол сөздерден жүректерде
ұялаған жақсы арман.
Біз орысша оқыдық та
ұлылардың ғылымын,
203
Аштық кілтін əлемдегі
құпиялар сырының,
Осы тілмен біз үйрендік
ілімдердің мол нəрін,
Біз оқыдық Маркс пенен
Лениннің томдарын.
Пушкиннің таудан аққан
ақ бұлақтай жырларын,
Чайковский əуенінің,
сұлу, əрі мұңды əнін,
Нева үстінде күркіреген
«Аврора» дабылын –
Бəрін-бəрін осы тілде
естідім де, таныдым.
Егер əлем көрсе бүгін
бақытты атқан таңымды,
Егер біздің Жамбыл ақын
ұлы атанса дарынды,
Өзбекстан құлпырса егер
гүл бағындай шексіз кең,
Орыс тілі, сенсің бізді
биіктерге жеткізген.
Естігенде «бостандықтай»
жалғыз сөзді ел бүгін,
Барлық əлем армандайды
бақыт пенен теңдігін,
Француз бен негр, индус
аңсайды атар таң жайлы.
Осы бір сөз жүректерде
гауһар тастай жайнайды,
Париж, Берлин, Варшава да
құлақ түрді қуанып,
Сені естуге, орыс тілі,
əлемдегі бір алып,
204
Ол үн біздің Москваның
асқақтаған үні еді:
«Менің халқым – əлемдегі
бостандықтың тірегі».
Осы тілмен бұл өмірде
туған едік қайта біз,
Ұлы істердің табысын да
осы тілде айтамыз.
Туысқандық қағидасын
осы тілде табамыз,
Достыққа да үйрететін
Россия анамыз.
Россия! Тəжікстан
өз ұлыңдай мақтанып,
Өзіңді əр кез дəріптейді,
жыр етеді шаттанып.
Өзіңменен қатар басып
көреміз біз нұрларды,
Біздің ана тілімізде
жырлап асқар тұлғаңды.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу